2 наурыздағы саудада доллар күрт қымбаттады
© Фото: freepik
2026 жылғы 2 наурызда Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да шетел валютасы бойынша күндік сауда жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың салмақталған орташа бағамы 502,60 теңге болып, 4,91 теңгеге өсті.
Ресей рублі 6,49 теңге деңгейінде саудаланды (+0,03).
Қытай юанінің күндік саудадағы бағамы 73,20 теңге болды (+0,58).
Ал айырбас пункттерінде долларды 500,5–502,9 теңге аралығында сатып алып, сатады; еуро – 588,4–594 теңге, рубль – 6,39–6,5 теңге.
Сондай-ақ, әлемдік нарықта мұнай бағасы да 2 наурызда өсті.
Brent маркалы мұнай бағасы 6,4%-ға көтеріліп, баррель бағасы $77,57 болды, сауда барысында қысқа уақытқа $82-ден асты.
Американдық WTI маркалы мұнай 6,2%-ға қымбаттап, $71,17-ге жетті.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 497,56 теңге, еуроны – 586,92 теңге, рубльді – 6,44 теңге деңгейінде белгіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:13, 2 наурыз 2026
Семей қаласының тұрғыны миллиондап ақша табудың жеңіл жолын «ойлап тапқан»
-
18:08, 2 наурыз 2026
«Аралтұз» АҚ зауытының ұжымы жаңа Конституцияны қолдайды
-
17:43, 2 наурыз 2026
«Қар, жауын-шашын, боран». Қазақстан бойынша 3 наурызға арналған ауа райы болжамы
-
17:23, 2 наурыз 2026
Семейде «мембағдарламаға іліктіруші» күдікті алаяқтар қолға түсті
-
17:13, 2 наурыз 2026
Иранға жасалған шабуыл: Оқу-ағарту министрі оқушы қыздардың қаза табуына байланысты көңіл білдірді





