Ішкі істер министрінің ел азаматтарына жолдаған «шұғыл үндеуі» фейк болып шықты

18:58, 2 наурыз 2026

© Сурет: freepik

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде және мессенджерлерде тарап жатқан "шұғыл хабарландырудың" шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараған Ішкі істер министрі "үндеуі" мәтінінде адамдарды Сириядан немесе Ауғанстаннан келген босқындармен байланысқа түспеуге, есіктерді мықтап жауып, қырағы болуға шақырылған:

Сурет: polisia.kz

ҚР Ішкі істер министрлігі аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін, азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне ғана сеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауды сұрайды.

"Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз", деп нақтылайды ведомстводан.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2023 жылдан бері Ержан Сәденов болып табылады.

Бұған дейін депутат жаңа Конституцияда шетелдіктерге жер сатуға рұқсат беріледі деген қауесетті фейк деп атаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!