Спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңіне қатысатын ұлттық құрама тізімі жарияланды

19:39, 2 наурыз 2026

© Сурет: olympic.kz

Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Әзірбайжанның Баку қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық турнир 5-8 наурыз аралығында өтеді, делінген Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазақстан құрамасының сапына мына спортшылар енді:

  • Милад Карими
  • Нариман Курбанов
  • Дмитрий Патанин
  • Диас Тойшыбек
  • Зейнолла Ыдырысов
  • Эвелина Ежова
  • Радмилла Тарасова.

Айта кетейік, бұған дейін Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда қола медаль жеңіп алған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!