Қазақстанда жол салуда модификацияланған битум қолданылатын болады

10:44, 3 наурыз 2026

© Фото: Zakon.kz

2026 жылғы 3 наурызда ҚР Үкіметінің отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев битум сапасын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің атап өтуінше, битум сапасына жол жабындарының сапасы тікелей байланысты.

"Біріншісі – көлемі. Елдегі өндірушілер сұранысты толық қамтамасыз етеді. Екіншісі – сапасы. Жолдардың ұзаққа шыдамдылығын арттыру мақсатында құрылыс компаниялары мұнай өңдеу зауыттарымен бірлесіп жаңа стандартқа көшу бастамасын көтерді", – деді Сауранбаев.

Оның сөзінше, жаңа жобаларда модификацияланған битум қолданылатын болады.

"Зауыттар оны кезең-кезеңімен ұлттық стандарттарға сәйкес өндіруге көшіп жатыр. Айта кету керек, Ресей Федерациясы бұл тәжірибені 2016 жылдан бастап енгізген", – деді Сауранбаев.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 2029 жылға дейін 10 мың км автожол жөнделетіні хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!