Қапшағайда екі жігіт құтқарылды

17:42, 6 маусым 2023
192

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

2023 жылғы 5 маусымда сағат 18.18-де Қапшағай су қоймасындағы қалалық жағажайды патрульдеу кезінде жағадан 30-40 метр қашықтықта Алматы қаласынан демалуға келген 2002 жылы туған жігіттер құтқарылды. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, олар шомылу кезінде жағадан алыс жүзіп, құрлыққа өз бетінше жете алмаған. Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының күшімен жігіттер жағаға жеткізілді.

Құтқару операциясына төрт құтқарушы және екі жүзу құралы жұмылдырылды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған.

Алматы облысы ТЖД судағы қауіпсіздік қағидаларын еске салады:

  • жағадан алыс, қауіпсіздік аймақ шекарасы белгіленген буйкадан асып жүзуге болмайды;
  • бейтаныс жерлерде суға түсуге болмайды, су түбінде батып кеткен бөренелер, тастар, корягалар болуы мүмкін;
  • суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан және осы мақсаттарға бейімделмеген басқа да құрылыстардан секіруге болмайды;
  • шомылу үшін арнайы бөлінген орынды таңдау қажет;
  • кемелерге (моторлы, желкенді), қайықтарға, баржаларға жақын жүзуге болмайды;
  • батпақты жерлерде және балдырлар немесе тина бар жерлерде шомылуға болмайды;
  • күнге қыздырынғанан соң немесе денені қатты салқындатқаннан кейін суға кіруге болмайды;
  • күн астында ванна қабылдағаннан, жүгіргеннен, салқын суға біртіндеп бейімделместен ойнағаннан кейін тез суға кіруге және секіруге болмайды;
  • мас күйінде суға кіруге және шомылуға қатаң тыйым салынады;
  • үрлемелі матрацтарда, автомобиль камераларында, үрлемелі ойыншықтарда жүзбеңіз, қол астындағы құралдың ақауы болуы мүмкін, адам кенеттен су астына кетуі мүмкін, ал бұл жақсы жүзе білетін адамдар үшін де өте қауіпті. Сонымен қатар, әлсіз желдің де жағалаудан алыс алып кету мүмкіндігі бар;
  • егер сіздің бұлшық етіңіз тырысса, арқаға жатыңыз және жағаға жүзіңіз, бұл ретте бүгілген бұлшықеттерді жазыңыз, бірақ ең жақсысы – өзіңізбен бірге "ағылшын" түйреуіші болғаны дұрыс. Тіпті оны бір рет шаншу өмірді құтқаруы мүмкін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!