Қапшағай су қоймасының жағалауынан 10 тонна қоқыс шығарылды

14:38, 6 мамыр 2024

© Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

6 мамыр "Мөлдір бұлақ" акциясы бастау алды. Бұл күні қонаевтықтар қалалық жағажайды қоқыстан тазартты.

Өздеріңізге белгілі, Қонаев қаласының іргесінің қалануы Қапшағай су қоймасын салумен тығыз байланысты. Ал шаһардың туристік келбетін қалыптастырушы – Қапшағай мен оның жағасында орналасқан бизнес орындары. Жарты айдан кейін шомылу маусымы басталады.

Қапшағай су қоймасының жағалауынан 10 тонна қоқыс шығарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2024 14:38

Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондықтан жағажайларды тазалап, ретке келтіру, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету маңызды шаралардың бірі.

Бүгінгі сенбілікке қала әкімі Асхат Бердіхановпен қатар 200 адам қатысып, 8 техника жұмылдырылды. Арамшөп оталып, жолдар мен тротуарлар құмнан тазаланды. Нәтижесінде 10 тонна қоқыс шығарылды.

Қапшағай су қоймасының жағалауынан 10 тонна қоқыс шығарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2024 14:38

Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Таза Қазақстан" акциясының соңғы апталығы Қапшағайды тазартудан басталды. Еңбек жолымды Шеңгелдіден бастап, зейнетке Қонаевтан шықтым. Сол себепті маған құмының өзі құйма алтыннан қымбат. Жасыма қарамай, тазалық шарасына қатыстым. Барша қазақстандықтарды табиғатты аялап ұстауға, жанашыр болуға шақырамын", – деді Ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Беспаев пікір білдіріп.
Қапшағай су қоймасының жағалауынан 10 тонна қоқыс шығарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2024 14:38

Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызмет

Айта кетерлігі, қалалық жағажайда шомылу маусымы кезінде 42 кәсіпкер жұмыс істейді. Олар жақын арада өздеріне тиесілі аумақтағы сынған шатырларды қалпына келтіріп, тапшандарын қойып, ыңғайлы инфрақұрылым жасауы тиіс. Халыққа жоғары деңгейде қызмет көрсету – басты талап.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!