Қай елдің азаматтары Қазақстанға заңсыз кіруге тырысқан
© Сурет: pxhere
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жыл басынан бері Қазақстан шекарасында қанша заңбұзушы ұсталғанын және қай елдің азаматтары елге заңсыз кіруге жиі әрекет ететінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында қарашада құзырлы органдармен өзара бірлесіп, шекара кеңістігінде 5 820 (жыл басынан – 30 823) Қазақстанның заңын бұзушыларды ұстады.
Соның ішінде:
- 28 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды (11 Қырғызстан, 9 Өзбекстан, 7 Пәкістан, 1 Ресей);
- 19 шетел азаматының шекараны бұзу әрекетінің жолы кесілді (6 Өзбекстан, 4 Ауғаныстан, 4 Йемен, 3 Сирия, 1 Тәжікстан,1 Сьерра-Леоне).
Мемлекеттік шекара арқылы 858, соның ішінде:
- 51 есірткі заты;
- 17 ату қаруы мен оқ-дәрі (3 дана ату қаруы, 91 дана оқ-дәрілер, 397 дана суық қару);
- 18 діни әдебиет (260 дана);
- 360 жанар-жағармай материалдары (55 400 литр) (жалпы сомасы 26 млн теңгеден асады);
- 343 халық тұтынатын тауарлар (жалпы сомасы 858 млн теңгеден асады);
- 69 валютаны заңсыз алып өту фактісінің алды алынды (жалпы сомасы 760 млн теңгеден астам).
Каспий акваториясындағы 26 браконьерлік фактінің алды алынды. Сонымен қатар:
- жалпы ұзындығы 17,3 км тордан тұратын браконьерлік аулау құралдары;
- 147 дана (638 кг) бекіре тұқымдас балық;
- 7 970 дана (11 543 кг) ұсақ тұқымдас балық.
Алды алынған залал сомасы – 252 млн теңге. Көрсетілген заңбұзушылықтар бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
"Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ. Барлық өткізу пункті штат режимінде жұмыс істеді", - деп қосты ҚР ҰҚК.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:24, 23 қаңтар 2025
Батыс Қазақстан облысында екі оқушы қыз жүкті болып қалды
-
22:04, 23 қаңтар 2025
Ақтөбеде танысын өлтіріп, оның денесін тоңазытқышта сақтаған күдіктілерге қатысты сот басталды
-
21:53, 23 қаңтар 2025
Көкшетауда дәрігерлерге күш көрсеткен ер адам қамалып, ал әйелі айыппұл арқалады
-
21:45, 23 қаңтар 2025
Саранда дүкен сатушысын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды
-
21:29, 23 қаңтар 2025
Абай облысында жоғалған малшы табылды