Израильдың Дохаға әуеден жасаған шабуылына байланысты тың мәліметтер пайда болды
© Сурет: pixabay
9 қыркүйекте Қатар астанасы Дохада бірнеше дүркін жарылыс болды. Израиль тарапы оның ХАМАС қозғалысының өкілдеріне қарсы бағытталғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты қандай ақпараттар белгілі? Мұны Zakon.kz сайтынан оқи отырыңыздар.
- Израильдің Қатар астанасы Дохаға жасаған соққысынан ХАМАС саяси бюросының басшысы Халед Машаль, Газа секторындағы топтың жетекшісі Халил әл-Хайя, сондай-ақ қозғалыстың мүшесі Захер Джабарин қаза тапты, деп хабарлайды Al Arabiya ХАМАСТА-тағы өз дерек көзіне сілтеме жасап.
- Дохаға соққы жасау үшін Израиль шамамен 15 әскери ұшақты қолданып, ХАМАС басшылығы болған орынға 10-нан астам оқ-дәрі тастады, деп хабарлады Израиль армиясының "Галей ЦАХАЛ" әскери радиосы.
- Израиль Палестинаның радикалды ХАМАС қозғалысының жетекшілеріне қарсы операцияны өз бетімен бастағанын мәлімдеп, сондықтан бұл реттегі барлық жауапкершілікті өз мойнындарына алады.
- Дохада Израиль мен ХАМАС арасында бейбіт келісім бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқан. Әуе соққыларынан кейін ол кілт тоқтатылды.
- АҚШ-тың Қатардағы елшілігі өзінің әлеуметтік желіде дипломатиялық миссия ғимараттарында қорғаныс режимін енгізіп, сондай-ақ ел азаматтарына көшеге шықпауға кеңес бергенін хабарлады.
Қатар басшылығы Израиль әскери-әуе күштерінің Дохадағы ХАМАС басшыларына жасаған соққыларын қатаң айыптайды, - деді Қатар СІМ өкілі Мажед әл-Ансари. Бұл туралы The Times of Israel жазады.
"Қатар мемлекеті бұл шабуылды қатаң айыптай отырып, Израильдің ақылға қонымсыз мінез-құлқына және оның аймақтық қауіпсіздікке араласу әрекеттеріне төзбейтінін растайды. Жоғары деңгейде тергеу шаралары басталды және оның егжей-тегжейі кейіннен жарияланатын болады",- деді әл-Ансари.
Israel just bombed the heart of the Qatari capital Doha reportedly as per Zionist Channel 12 a targeted assassination.
— Marwa Osman || مروة عثمان (@Marwa__Osman) September 9, 2025
Israel is a terrorist entity and Qatar just experienced that 1st hand. pic.twitter.com/vvDhqxjYiJ
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 қыркүйекте Дохадағы Израиль билігінің жасаған әскери әрекетін айыптаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:04, 10 шілде 2026
Қазақстанның бес өңірінде бір күнде 5 орман өрті тіркелді
-
22:53, 10 шілде 2026
Аяна Болатбекқызы жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында 6-орын алды
-
22:43, 10 шілде 2026
Қазақстан волейболдан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысады
-
21:59, 10 шілде 2026
Алматыда үстіне ағаш құлаған 19 жастағы бойжеткен көз жұмды
-
21:22, 10 шілде 2026
Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады





