Израильден әкелінген парацетамол дәрісінен қазақстандықтар қайтыс болуда: ақпарат рас па әлде жалған ба
© Фото: freepik
Әлеуметтік желілерде Израильден әкелінген аса қауіпті парацетамол туралы ескертетін хабарлама тарады. Препарат Палестинаға арналған, бірақ Ресей мен Қазақстанда сатылып жатыр екен. Оны ішкен адам алтыншы күні қайтыс болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Stopfake.kz мамандары мұның ескі фейк екенін алға таратды.
Қазақстанда сатылатын Израильден әкелінген қауіпті парацетамол туралы жалған ақпарат 2017 жылы шыққан. Оны сол кезде-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің бас сарапшысы жоққа шығарған.
Бүгін тараған ақпарат көп жылдар бойы Желіде жүрген фейкпен бірдей. Бұл хабарламада қарапайым пайдаланушыны не алаңдатуға тиіс?
Мәселен, суретте қауіпті препараттың қаптамасы көрсетілген. Шығарылған мерзімі 2016 жыл, ал жарамдылық мерзімі 2019 жыл. Мерзімі өткен дәрі-дәрмектер Қазақстанның дәріханаларында сатылмайтыны анық, өйткені бұл процес қатаң бақыланады.
Қаптамада өндіруші Apex деп жазылған. Бұл үнді компаниясы. Бұл хабарламадағы мәлімдемелердің жалған екенін тағы да растайды.
Apex фармацевтикалық компаниясы парацетамол шығарады, бірақ оның қауіптілігі туралы ешқашан хабарланбаған.
Парацетамол – белгілі қызуды басатын дәрі. Оны рецептсіз сатып алуға болады. Бұл препарат туралы Желіде жалған ақпарат көп тарайтыны да сондықтан болар.
Олардың бірінде таблеткаларда улы сым бар деп айтылған болатын. Кейін израильдік парацетамолдың құрамында өте қауіпті мачупо вирусы бар деген хабарламалар тарай бастады.
Әр жылдары парацетамол туралы фейктерді Қырғызстан, Украина, Литва, АҚШ, Қазақстан фактчекерлері жоққа шығарды.
"Демек, Қазақстанның дәріханаларында сатылатын қызуды басатын аса қауіпті дәрі туралы хабарлама – бұрыннан таралып келе жатқан фейк",- деп қорытындылады мамандар.
Бұған дейін Жетісу облысының прокуратурасы балаларды қорғау мақсатында тыйым салынған сайттарды бұғаттағаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 28 қаңтар 2025
Көкшетауда ер адам жасөспірімді қар төбешігі үшін соққыға жықты
-
22:21, 28 қаңтар 2025
«Күн көріс қамы қиындай түсті». Қайрат Нұртастың әйелін сот процесі әбден қажытқан
-
22:05, 28 қаңтар 2025
Қызылорда облысында қарасора өсірумен айналысқан 40 жастағы ер адам ұсталды
-
22:00, 28 қаңтар 2025
Ұлытау облысындағы ауыл тұрғындары көлікпен жүру үшін жолға кілем төсеуге мәжбүр
-
21:51, 28 қаңтар 2025
Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты атышулы іс: сот үкімі шықты