Израиль армиясы: ХАМАС бітім шартын бұзып, оқ жаудырды
© Сурет: freepik
Израиль қорғаныс күштері бүгін, 2023 жылғы 1 желтоқсанда палестиналық ХАМАС қозғалысы бұған дейін ұзартылған бітімгершілік келісімін бұзғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана уақыты бойынша сағат 9:48-де ЦАХАЛ-дың Telegram арнасында Газа секторының маңындағы елді мекендерде сиреналар естілгені туралы хабарлама пайда болды.
"Газа секторы маңындағы елді мекендерде сиреналар дыбысы туралы алғашқы хабардан кейін ЦАХАЛ-дың әуе қорғаныс жүйесі Газа секторынан зымыран ұшыруды сәтті тоқтатты. Сирена Газа секторына жақын орналасқан Холитте естілді. ХАМАС операциялық үзілісті бұзды және Израиль аумағына оқ жаудырды", – деп хабарлады ЦАХАЛ.
Осыған байланысты Израиль қорғаныс күштері "Газа секторында ХАМАС лаңкестік ұйымына қарсы ұрыс қимылдарын" қайта бастады.
"ЦАХАЛ жауынгерлері Газа секторындағы ХАМАС лаңкестерінің нысандарына соққы беруде. Толық ақпарат кейінірек белгілі болады", – деп атап өтті.
Израильдің Дэймон, Мегиддо, Офер, Нафха, Кциот және Рамон түрмелерінен барлығы 30 палестиналық босатылды. Мәмле шарты бойынша Израиль кепілден босатылған әр израильдік үшін үш палестиналықты босатуы керек Палестина жағы Газа секторында кепілге алынған алты адамды босатқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:01, 9 қазан 2024
Almaty Open 2024 ATP 250 турнирінде болудың 5 себебі
-
12:51, 9 қазан 2024
Қызылорда облысында пәтер тонауды кәсіп еткен ұры ұсталды
-
12:34, 9 қазан 2024
Іле ауданының әкімі дәл ауруханада ұсталды: Қарасаевқа қандай айып тағылып отыр
-
12:18, 9 қазан 2024
Астана мен Алматыда арнайы операция жүргізілді: Қаржы министрлігінің қызметкерлері әшкереленді
-
12:03, 9 қазан 2024
Қостанайда полиция жүк көлігінен 1,5 тоннаға жуық шегілмейтін темекі тәркіледі