Италияда су тасқыны салдарынан мыңдаған адам эвакуацияланды

10:19, 20 қыркүйек 2024

© Сурет: AP

Еуропаның бірнеше елін жайлаған тасқын су салдарынан Италияның солтүстігінде 1000-ға жуық адам эвакуацияланды. Табиғи апаттан бүгінде Румыния, Польша, Чехия және Австрияда кем дегенде 24 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky News ақпаратынша, "жаңбыр 48 сағат бойы үздіксіз жауды".

Аймақта мектептер жабылып, кейбір көлік түрлері тоқтатылды. Үш өзен арнасынан асты.

Аймақтық биліктің мәліметінше, 2023 жылдың мамырында екі нөсер жаңбыр мен Эмилия Романьядағы көшкін салдарынан 17 адам қаза тауып, 8,5 миллиард еуро шығын келтірілген.

Бұған дейін Нигерияда жойқын су тасқынын пайдаланған 300-ге жуық тұтқынның түрмеден қашып кеткені хабарланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!