ҚР Ұлттық Банкі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа схемалары туралы ескертті
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық Банкі (ҰБК) 2024 жылғы 19 қыркүйекте телефон алаяқтығының күшеюіне байланысты азаматтарға қайта жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық банк мәлімдемесіне сүйенсек, бұл мүлдем жаңа схема.
"Қаскөйлер өзін коммуналдық қызметтің немесе ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырады. Азаматтарға қоңырау шалып, мобильді телефондағы SIM-картаның қолдану мерзімі немесе коммуналдық есептеуіш құралдың пайдалану мерзімі аяқталғанын хабарлайды. Телефонмен әңгіме кезінде азаматтарға олардың қызметін ұзартуға немесе электрондық кезекке тұруға болатынын айтады. Әрі қарай алаяқтар ұялы телефонға келген хабарламаны өзіне жіберуді, қауіпті сілтемеге өтіп қосымшаны жүктеуді немесе мессенджердегі жаңа функцияларды іске қосуды, я болмаса дербес деректерін хабарлауды сұрайды",- делінген хабарламада.
Ведомство қаскөйлердің телефонға қосылып алғаннан кейін азаматтың қаражатын ұрлап, SIM-картаның виртуалды көшірмесін қосып алатындығын айтты.
"Шоттағы ақшаларды қолды қылғаннан кейін алаяқтар алданған азаматтармен қайта байланысып, өздерін Ұлттық Банктің қызметкері ретінде таныстырады. Сөйтіп екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын орнатып, ақшалай немесе тауарлай кредиттер ресімдейді. Қаскөйлер өз ісінің заңдылығын растау үшін Ұлттық Банк қызметкерінің қолдан жасалған қызметтік куәлігін, Ұлттық Банктің жалған құжаттарын, ақша құралдарын сақтандыру немесе банктік аударымдар жасау үшін хаттар мен реквизиттер ұсынады".ҚР Ұлттық Банкі
Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтарды келесілерге шақырады:
- қырағы болуға және күдік туғызған қоңырауларға сенбеуге,
- күмәнді сілтемелерге өтпеуге,
- бейтаныс адамдардың нұсқауымен HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer сияқты қашықтан басқаратын басқа да қосымшаларды орнатпауға.
Сондай-ақ, үшінші тұлғалар тарапынан орындалатын алаяқтық әрекеттерге ұрынып қалмас үшін Ұлттық Банк мемлекеттік органдар мен Ұлттық Банктің қызметкері болып қоңырау шалған адамдармен арадағы байланысты үзуге кеңес береді.
"Ұлттық Банктің қызметкерлері аудио және бейнеқоңырау жасамайтынын, жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, ақша құралдарын сақтандырумен айналыспайтынын, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырыспайтынын қосымша хабарлаймыз. Егер алаяқтық іс-әрекетке тап болсаңыз, тиісті арызбен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береміз. Консультация алу үшін Ұлттық Банктің 1477 қысқа нөмірлі байланыс орталығына хабарласуға болады".ҚР Ұлттық Банкі
Бұған дейін халықаралық іздеуде жүрген алаяқтар ұсталғаны хабарланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:47, 21 желтоқсан 2024
«Боран соғып, қар бұрқасындатады». 22 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде циклон жүреді
-
17:32, 21 желтоқсан 2024
Бағаны тұрақтандыру: Павлодар билігі тауар өндірушілермен келісімге отырды
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды