Италияда олимпиадалық трасса маңынан 20 мыңнан астам динозавр ізі табылды
© Сурет: pixabay
Италияның Альпі тауларында, 2026 жылғы ақпанда қысқы Олимпиада ойындарының жарыстары өтетін Бормио қаласына жақын жерде күтпеген палеонтологиялық жаңалық ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Теңіз деңгейінен шамамен 2400 метр биіктікте жасы 210 миллион жылдан асатын 20 мыңнан астам динозавр ізі анықталған. Бұл ерекше олжаны жақында ерлер арасындағы шаңғы жарысы өтетін олимпиадалық трасса маңында серуендеп жүрген жабайы табиғат фотографы Маттео Делла Феррера байқаған. Ол тасты беткейден жақсы сақталған белгісіз іздерді көріп, таңданысын жасыра алмаған.
Risalgono a oltre 200 milioni di anni fa, a guidare la ricerca il Museo di Storia Naturale di Milano con il Muse di Trento e e il Dipartimento di Scienze della Terra dell’Università degli Studi di Milano https://t.co/gtfT7WOU2S
— Vanity Fair Italia (@VanityFairIt) December 17, 2025
Кейін оқиға орнына ғалымдар келіп, табылған іздердің ұзын мойынды, екі аяғымен жүретін шөпқоректі динозаврларға тиесілі екенін растады.
Мамандардың пікірінше, бұл платеозаврлар болуы мүмкін. Олар – Триас дәуірінде өмір сүрген, кейінгі алып зауроподтардың арғы аталары. Мұндай динозаврлардың ұзындығы 10 метрге дейін, салмағы шамамен 4 тоннаға жеткен. Ал кейбір іздердің көлемі 40 сантиметрге дейін барады.
"Стерлеград" басылымының мәліметінше, ғылыми ортада бұл жаңалық соңғы ондаған жылдағы өңір үшін ең маңызды олжалардың бірі ретінде бағаланып отыр.
Бұған дейін ғалымдардың кенеттен ашқан жаңалығы ежелгі Мысыр тарихының жаңа тұстарын ашқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:23, 18 желтоқсан 2025
Жүздеген миллион теңгені жымқырған: Риддердің экс-әкіміне қатысты үкім өзгертілді
-
16:12, 18 желтоқсан 2025
Сенатор ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы түзетуді бағалауды сұрады
-
16:06, 18 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді
-
15:52, 18 желтоқсан 2025
Жезқазғанда полиция аса ірі көлемдегі есірткі саудасын тоқтатты
-
15:44, 18 желтоқсан 2025
18 желтоқсандағы сауда-саттықта доллар арзандауын жалғастырды





