Ислам Махачевтың UFC-дегі жеңісі: Шавкат Рахмонов үндеу жасады
© Сурет: instagram/shavkatrakhmonov94
UFC-де жартылай орта салмақта сынға түсіп жүрген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Джек Делла Маддаленаны жеңіп, чемпиондық атаққа ие болған Ислам Махачевке қаратып, үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Исламды жоғары деңгейдегі өнерімен құттықтаймын. Бірақ 170 фунт салмақ дәрежесіндегі ешкімге дес бермейтін басты қатер мен екенімді ұмытпаңдар", деп жазды Рахмонов өзінің X-тегі (бұрынғы Twitter) парақшасында.
Сондай-ақ Шавкат Рахмонов өнер көрсететін DAR Team ұйымының баспасөз қызметі қазақстандық файтердің Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізу ықтималдығына қатысты мәлімдеме жасады.
"Барлығы осыған қарай сайып келе жатқан сияқты ғой, солай ма?", делінген команданың Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған жазбада.
Айта кетсек, Махачев Делла Маддаленаны төрешілердің ортақ (50:45) шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтың жаңа чемпионы атанды. 2025 жылы мамыр айында Маддалена Шавкат Рахмоновты шаршы алаңға шақырған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:34, 21 қыркүйек 2026
Машинист Қазақстан даласында адасып кеткен баланы құтқару үшін пойызды тоқтатты
-
10:21, 21 қыркүйек 2026
Қазақстанда 300 млн теңге жеңілдетілген несие ұрланды
-
10:16, 21 қыркүйек 2026
Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті
-
10:07, 21 қыркүйек 2026
Иттің соңынан қуған қар барысы Алматы тауларында туристердің алдынан шықты
-
09:56, 21 қыркүйек 2026
АҚШ-қа тікелей рейс ашуға бір қадам жақын: Қазақстанда авиациялық қауіпсіздікті бағалау басталды





