Абай облысында балабақша қызметкерлерінің дербес деректері қолдан қолға тараған
© Сурет: pixabay
Курчатов қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласына жүргізілген талдау барысында қаладағы балабақшалардың бірінің 75 қызметкерінің дербес деректерінің таралуына байланысты заңнама бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 18 мамырда ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады:
"Білім беру мекемесі қызметкерлерді мерзімдік медициналық тексеруден өткізу бойынша конкурс жариялау кезінде ашық қолжетімділікке қызметкерлердің толық сауалнамалық деректерін, ЖСН-ін және өзге де құпия ақпаратты қамтитын тізімді орналастырған. Қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлғалар оның құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті және дербес деректерді субъектінің келісімінсіз немесе заңды негіздерсіз таратуға құқылы емес. Мекеме басшылығы тарапынан аталған талаптардың сақталмауы дербес ақпараттың құқыққа қайшы мақсаттарда пайдаланылу қаупін туындатқан".
Прокуратура қабылдаған шаралар нәтижесінде көрсетілген бұзушылықтар жойылып, кінәлі лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК 79-бабы 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша 432 500 теңге мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Бұған дейін SMS арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ Қазақстанда ұсталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:30, 12 маусым 2026
Қазақстандық 70-тен астам азаматты 32 млн теңгеге сан соқтырып кеткен
-
13:11, 12 маусым 2026
+38°С дейінгі аптап ыстық, найзағай мен бұршақ: Қазақстан бойынша 13-15 маусымға арналған ауа райы болжамы
-
12:58, 12 маусым 2026
Табиғат пен тарих тоғысқан өлке: Алматы облысындағы танымал мекен несімен ерекше
-
12:58, 12 маусым 2026
Табиғат пен тарих тоғысқан өлке: миллиондаған жылдар бойы түзелген сирек кездесетін жануарлар мекені
-
12:40, 12 маусым 2026
Жаңа мемлекет құруға және терроризмге шақырған: ҰҚК экстремистерді ұстады





