Иранның Ясуж қаласындағы ерекше құбылыс: аспаннан «балық жауды»
© Сурет: pixabay
Иранның Ясуж қаласында ерекше құбылыс көрініс тапты: аспаннан балық "жауды", деп хабарлайды Zakon.kz.
Daily Star басылымы жергілікті әлеуметтік желіде осындай сәтті бейнелейтін видео тарағанын жазады. Иран тұрғыны нөсер жаңбыр кезінде көлігінен шығып, аспаннан түсіп жатқан ірі балықтарды видеоға түсіреді. Тіпті, ер адам көктен жерге түскен балықтардың бірін қолымен ұстап көрсетеді, ол әлі тірі екені байқалады.
Желіде видео астына пікір қалдырушылардың көбісі мұны діни кітапта жазылған жағдайға ұқсайтынын, атап айтқанда, Иезекиил пайғамбар туралы айтылғандарға сілтеме жасалады. Дегенмен, желіде пікір қалдырушылардың кейбірі аспаннан түскен балықтың тірі екендігіне назар аударып, видеоның шынайылығына күмән келтіреді. Кейбіреулер жазбаның авторы балық сататын сатушы сияқты екенін айтады, өйткені оның сирек кездесетін құбылыстың жалғыз куәгері болуынан күмәнданады.
Сондай-ақ, бұл ерекше құбылыс ұсақ су жануарларын көкке лақтырған торнада сынды табиғи құбылыс болуы мүмкін екені болжанады. Ондайда кішкентай балықтар ауада қалықтап, үлкен биіктіктен толқынмен төмен түскенде жерге шашылуы ықтимал көрінеді. Ясуджа аймағында қатты дауыл болғанын ескерсек, бұл жағдай да мүмкін деседі тағы біреулер.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:55, 19 мамыр 2024
Ақтауда оқушы қызға қол жүгіртті деп күдікке ілінген мектеп күзетшісі екі айға қамауға алынды
-
17:39, 19 мамыр 2024
ШҚО-да аралда қалып кеткен құлындарға құтқарушылар көмекке келді
-
17:15, 19 мамыр 2024
Усиктің проумоутері боксшының жағының сынғанын жоққа шығарды
-
17:00, 19 мамыр 2024
20 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжанады
-
16:51, 19 мамыр 2024
Дзюдодан ӘЧ-2024: Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова қола медаль үшін таласатын болды