Ипотеканың бастапқы жарнасын төмендету: жаңа тетіктер 2027 жылы жариялануы мүмкін
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков 2026 жылғы 17 қарашада үкіметте өткен брифингте әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекалық бағдарламасына сұраныстың күрт артуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, мұндай жағдай ұсынылатын өнім түріне қарамастан, ара-тұра туындап отырады.
"Өнімге сұраныс жоғары болса, біз мүмкіндігімізге қарай оның талаптары мен тетіктерін қайта қарастырамыз. Қосымша қаржы бөлінген жағдайда қаржыландыру көлемін арттырып, сұраныстың күрт өсуіне байланысты туындаған мәселені шешу жолдарын пысықтауға дайынбыз. Бюджет пен нарықтың мүмкіндіктерін ескере отырып, қосымша тетіктерді қарастырып жатырмыз", – деді Сапарбеков.
Ал Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ипотеканың бастапқы жарнасын төмендету бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Қазір бастапқы жарнаны азайтуға мүмкіндік беретін тетіктерді пысықтап жатырмыз. Отбасы банкпен бірлесіп қаржылық моделін әзірлеудеміз. Жаңа тетіктерді шамамен 2027 жылы жариялауды жоспарлап отырмыз", – деді ол.
"Ұмай" әйелдер ипотекасының талаптары қатаңдатылуы мүмкін бе? Бұл туралы материалдан оқи аласыздар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:56, 17 қараша 2026
Астанада жұмысшыларға шалшық су шашып кеткен жүргізуші 10 тәулікке қамалды
-
16:51, 17 қараша 2026
Алдағы күндері Алматыда ауа температурасы +15°С-қа дейін көтеріледі
-
16:43, 17 қараша 2026
«Balapan»-ның күзгі базарлығы
-
16:41, 17 қараша 2026
Шымкентте «Shymkent AI Forum – 2026» өңірлік форумы өтіп жатыр⠀
-
16:37, 17 қараша 2026
Қазақстандықтарға WhatsApp пен Telegram-дағы алаяқтық туралы ескертілді





