Инфляцияны 5%-ға дейін төмендетуге құлықты Ұлттық Банк шалт әрекетке көшті
© Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2025 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктер үшін ең төмен резервтік талаптардың (ЕТРТ) жоғарылағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ұлттық Банк Басқармасы 2025 жылғы 25 шілдеде "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ең төмен резервтік талаптар (бұдан әрі – ЕТРТ) мәселесі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулыны бекіткені нақтыланады.
"Өзгертулер ЕТРТ құралын Ұлттық Банктің ҚРҰБ ақша-кредит саясаты құралдарын жетілдіру және антиинфляциялық бағытты күшейту аясында енгізіледі. Ұсынылып отырған түзетулер ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдері орталық банктерінің халықаралық ЕТРТ қолдану тәжірибесін зерделеп, талдау негізінде әзірленді. Осы елдерде (Қазақстанды есепке алмағанда) ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша ЕТРТ нормативтерінің орташа деңгейі 4–4,5%-ды, ал шетел валютасындағы міндеттемелер бойынша шамамен 15%-ды құрайды. Қазақстанда ЕТРТ нормативтерінің деңгейі аймақта ең төмені болып келді – теңгедегі міндеттемелер бойынша тиімді мөлшерлеме – 1,3%, ал шетел валютасындағы міндеттемелер бойынша – 2,5%". Ұлттық Банктің баспасөз қызметі
Құжатта мынадай нормативтер белгіленеді:
- теңгедегі міндеттемелер бойынша – 3,5% және 5%,
- валюталық міндеттемелер бойынша – 10% және 15%.
"Бұл ретте банк секторын енгізілетін өзгерістерге бейімдеу мақсатында МРТ нормативтері мақсатты деңгейге кезең-кезеңімен бір жыл ішінде көтерілетін болады". Ұлттық Банктің баспасөз қызметі
Орталық банк қабылданған шаралар ақша агрегаттарының шамадан тыс өсуін төмендетуге, ақша-кредит саясатының трансмиссиясын жақсартуға мүмкіндік береді, бұл инфляцияға қарсы күрестің тиімділігін арттырады деп санайды.
"Ұлттық Банктің басты мақсаты – инфляцияны 5%-ға дейін төмендету. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қолда бар барлық құрал пайдаланылады. Төмен және тұрақты инфляция – бұл теңгенің сатып алу қабілетін, азаматтардың еңбек табысын сақтау, сондай-ақ теңгерімді әрі орнықты экономикалық өсім үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етудің негізі саналады", делінген хабарламада.
Айта кетсек, 2025 жылғы 1 тамызда Ұлттық Банк валюта нарығына қатысты мәлімдеме жасап, интервенция жүргізгендерін растады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:11, 24 тамыз 2026
Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды
-
23:06, 24 тамыз 2026
Шымкентте ер адамды қатыгездікпен өлтірді деп алты адам сот алдында жауап беріп жатыр
-
22:59, 24 тамыз 2026
Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты
-
22:12, 24 тамыз 2026
Суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандықтардың нәтижесі қандай
-
21:50, 24 тамыз 2026
Қазақстан таеквондодан әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионатына қатысады





