Қарағандыда полицейлерден қашқан әрекетін әлеуметтік желіге жариялаған азамат ұсталды
© Фото: unsplash
Қарағанды қаласында мотокөлікпен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай қашқан әрекеттерін әлеуметтік желілерде жариялаған 18 жастағы тұрғын анықталып, жауапкершілікке тартылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім эндуро санатындағы мотокөлікті басқара отырып, қала көшелерінде жылдамдық режимін бірнеше рет бұзған. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабын елемей, бағдаршамның тыйым салынған қызыл түсіне өтіп, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Ол өз әрекеттерін бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған.
Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталып, ұсталды.
- Тексеру барысында оған қатысты: бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту;
- Ішкі істер органдары қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау;
- көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқару;
- жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
Құқық бұзушы уақытша ұстау камерасына қамалды. Жиналған әкімшілік материалдар заңнамаға сәйкес шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Мотокөлік айыптұраққа қойылды. Полиция жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзу, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрекеттер үшін заң аясында қатаң жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:36, 16 маусым 2026
Алматыда бірнеше автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгерді
-
11:29, 16 маусым 2026
Алматыда әл-Фараби даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
-
11:05, 16 маусым 2026
Қазақстанда стратегиялық цифрлық майнинг ережелері әзірленді
-
10:54, 16 маусым 2026
ІІМ: аулаларда көлік қоюға тыйым салынбайды
-
10:49, 16 маусым 2026
Алматы мен Астана тұрғындарына «Қазгидромет» ескерту жасады





