ІІМ: Қазақстанда қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді
© Фото: Zakon.kz
Алты айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тіркелген қылмыстар саны 10%-ға азайды. Сонымен қатар ең көп таралған құқық бұзушылықтар бойынша ашылу көрсеткіші артты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаменті қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыс жүргізуде. Басты міндет – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
"Алты айда елімізде қылмыстар саны 10%-ға төмендеді. Аса ауыр қылмыстармен күрес ерекше назарда. Кісі өлтіру қылмысы 9%-ға азайды. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері 15 кісі өлтіру, 19 ауыр дене жарақатын келтіру фактісі, 7 зорлау және 31 бұзақылық қылмысы ашылды. Ұрлықтар саны 16%-ға азайып, олардың ашылу деңгейі артты. Ұрлық жасағаны үшін бес мыңнан астам адам ұсталып, шамамен 600 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Мал ұрлығына қарсы күрес те тұрақты бақылауда. 119 адам ұсталып, 28 қылмыстық топтың жұмысы тоқтатылды",- деп мәлімдеді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Сонымен қатар, алты айда іздеуде жүрген 678 адам ұсталды. Олардың 90-ы шетел аумағында. 28 қылмыскер елге экстрадицияланды, 14 адам депортацияланды. Сонымен қатар 362 азаматтың жүрген жері анықталды.
Бұған дейін Қарағандыда 94 жастағы кейуананың миллион теңгесін жымқырған күдіктілер ұсталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:45, 3 шілде 2026
Қазақстанда жол апаты салдарынан қаза тапқандар саны 20% азайды
-
17:30, 3 шілде 2026
4-5 шілдедегі демалыс күндеріне арналған валюта бағамы
-
17:21, 3 шілде 2026
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалына шықты
-
17:12, 3 шілде 2026
Алматыда 13 мыңнан астам көліктің зиянды шығарындысы нормадан асқан
-
17:06, 3 шілде 2026
СҚО-да ер адам мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді





