СҚО-да ер адам мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді
© Фото: zakon.kz
Әлеуметтік желілерде Солтүстік Қазақстан облысында (Айыртау ауданында) 40 жастағы ер адамның 13 жасар қызды зорлап, түні бойы ұстап отырғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәлім болғандай, зардап шеккен қыз кешке дүкеннен шыққан кезде, ер адам оны көріп, мотоциклмен қыдыруды ұсынған. Қыз келіскен көрінеді, содан кейін ол оны ауылдан алып шыққан. Жасөспірімді түні бойы іздеп, таңертең көрші елді мекеннен тапқан.
Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасады деген күдікпен Айыртау ауданының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", — деп жауап берді полициядан.
Нақтыланғандай, тергеу барысы Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:56, 3 шілде 2026
Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды
-
18:37, 3 шілде 2026
Алматы хайуанаттар бағында соңғы 20 жылда алғаш рет шайқағыш жанаттар төлдеді
-
18:26, 3 шілде 2026
Қызылорда облыстық мәслихат сессиясында жаңа Конституцияның маңызы айтылды
-
18:22, 3 шілде 2026
ЕО елшісі Еуропада оқуға баратын қазақстандық студенттерге кеңес берді
-
18:03, 3 шілде 2026
Елдің барлық өңірінде жауын-шашын мол түседі: Бектенов тапсырма берді





