Астанада құрылыс нысанының менеджері ірі көлемде кабель ұрлаған

22:05, 2 шілде 2026

© Сурет: polisia.kz

Астана қаласы Нұра ауданы полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құрылыс нысанынан ірі көлемде құрылыс материалдарын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында, күдікті құрылыс компаниясында менеджер болып жұмыс істеген. Ол қызметтік міндетін атқара отырып, нысан аумағына кедергісіз кіру мүмкіндігін пайдаланған. Белгілі болғандай, күдікті бірнеше мәрте ұзындығы шамамен 50 метр болатын электр кабельдерін жасырын түрде алып шығып отырған. Кейін ұрланған құрылыс материалдарын сатып, заңсыз пайда тапқан.

Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 13 миллион теңге болды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің осыған ұқсас тағы 5 эпизодқа қатысы бары анықталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!