Қазақстанда жол апаты салдарынан қаза тапқандар саны 20% азайды

17:45, 3 шілде 2026

© Фото: Zakon.kz

Қазақстанда қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыс деңгейі төмендеп, жол-көлік оқиғаларының саны да азайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденовтің айтуынша, есепті кезеңде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Көшелер мен қоғамдық орындарда патрульдеу күшейтілді. Күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ішкі істер органдарының 15 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылады.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде қоғамдық орындарда болатын құқық бұзушылықтар 20%-ға, көшедегі заң бұзушылықтар 18%-ға, алкогольдік масаң күйде жасалған заң бұзушылықтар 6%-ға төмендеді", – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов.

Жыл басынан бері сегіз миллионнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 16 мыңнан астамы ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу және масаң күйде жүрудің 118 мыңға жуық дерегі. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың үйден тыс жерде болуына байланысты 83 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді.

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қабылданған шаралардың нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының саны 4%-ға, қаза тапқандар саны 20%-ға, жарақат алғандар саны 7%-ға азайды.

Мас күйінде көлік басқарған 12 мыңға жуық жүргізуші ұсталды, ал сот шешімімен 14 мыңнан астам жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар жолда жүру қағидаларын сақтамағаны үшін 245 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударылды. Профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар 9%-ға төмендеді.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар осы саладағы заң бұзушылықтарды 7%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!