Алматыда 13 мыңнан астам көліктің зиянды шығарындысы нормадан асқан
© Фото: zakon.kz
Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылдың басынан бері Алматыдағы 19 стационарлық экологиялық бекетте автокөліктердің пайдаланылған газдарына 116 мыңнан астам тексеру жүргізілді. Бұл туралы "Ренессанс плюс" ЖШС өкілдері хабарлады.
Мониторинг нәтижесінде улы заттар мен түтін шығарындыларының белгіленген нормативтен асқан 13 076 жағдайы анықталды. Әсіресе, Алатау және Наурызбай аудандарында ең көп заңбұзушылық тіркелген.
"Ренессанс плюс" ЖШС мәліметінше, автокөлік шығарындыларына мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл жұмыс көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу кезінде қойылатын талаптардың сақталуын бақылауға бағытталған.
"Жүргізіліп жатқан мониторингтің мақсаты – шығарынды мөлшері белгіленген нормадан асатын көлік құралдарын анықтау, атмосфералық ауаның ластану деңгейін төмендету және ауаны қорғау шараларының тиімділігін арттыру", - делінген хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:56, 3 шілде 2026
Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды
-
18:37, 3 шілде 2026
Алматы хайуанаттар бағында соңғы 20 жылда алғаш рет шайқағыш жанаттар төлдеді
-
18:26, 3 шілде 2026
Қызылорда облыстық мәслихат сессиясында жаңа Конституцияның маңызы айтылды
-
18:22, 3 шілде 2026
ЕО елшісі Еуропада оқуға баратын қазақстандық студенттерге кеңес берді
-
18:03, 3 шілде 2026
Елдің барлық өңірінде жауын-шашын мол түседі: Бектенов тапсырма берді





