«Халықтық құрылыс» бағдарламасы тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болмақ – Президент
© Фото: pixabay
Қазақстанда "Халықтық құрылыс" бағдарламасы жүзеге асырылады. Ол ел тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба болмақ. Бұл туралы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің айтуынша, бағдарлама азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және ұлттық экономиканы жандандыруға ықпал етеді.
"Халықтық құрылыс" бағдарламасы азаматтардың әл-ауқатын арттыратын, кәсіпкерліктің өркендеуіне, дамуына, ұлттық экономиканы жандандыруға зор ықпал ететін төл тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болмақ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жоба аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлініп, көптеген елді мекенге газ және таза ауыз су жеткізіледі.
Үкіметке жыл соңына дейін нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлеу тапсырылды. Бұл тізім еліміздің барлық өңірін қамтуы керек.
Мемлекет басшысы бағдарламаның халықты жұмыспен қамтуға да ықпал ететінін атап өтті.
"Аталған бастама жүз мыңдаған адамды жұмыспен қамтиды, оның игілігін тұтас халқымыз, әсіресе, өскелең ұрпақ көреді деп кәміл сенемін", – деді Президент.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:52, 28 қазан 2026
Қазақстанда Салық кодексінің жекелеген нормалары қайта қаралады
-
12:48, 28 қазан 2026
Тоқаев «әл-ауқат калькуляторын» мұқият тексеруді тапсырды
-
12:40, 28 қазан 2026
Тоқаев: Қазақстан Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы керек
-
12:33, 28 қазан 2026
Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау қажет – Президент
-
12:32, 28 қазан 2026
«Адал азамат» идеологиясы өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы керек – Президент





