Гүл мен сыйлыққа тыйым салынды: Қазақстанда жаңа оқу жылы қалай басталады
© Фото: Zakon.kz
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова 2026 жылғы 28 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің мектептерінде жаңа оқу жылының басталуы қалай атап өтілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Шынар Ақпарованың айтуынша, 1 қыркүйекте мектептерде бірыңғай сынып сағаттары, ал колледждерде кураторлық сағаттар өткізіледі.
"Олар барлық білім беру ұйымында ұйымдастырылады. Әр сыныпта сынып сағаты өтеді. Оның ұзақтығы шамамен 45 минут болады", – деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ бірінші вице-министр мұғалімдерге қандай сомаға гүл шоғын сыйлауға болатыны туралы сұраққа жауап берді.
"Баяндамамда айтқанымдай, біз жергілікті атқарушы органдарға тиісті хаттар жолдадық. Мектеп қабырғасында мұғалімдерге гүл сыйлауға немесе қандай да бір сыйлық сатып алуға жол берілмейді. Біз мұны арнайы атап көрсеттік. Бұған ешқандай қажеттілік жоқ", – деді Шынар Ақпарова.
Бұған дейін Шынар Ақпарова мектеп оқушысы қыздардың сабаққа боянған күйде келуіне тыйым салынуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:40, 28 тамыз 2026
Астанада құрылыс басында кран құлап, бір адам қаза тапты
-
17:33, 28 тамыз 2026
«Көп қан кеткен». Ақмола облысында ер адам пойыз астына түсіп, ауыр жарақат алды
-
17:22, 28 тамыз 2026
Павлодардағы кәсіпорын кассасынан 25 млн теңге ұрланды
-
17:11, 28 тамыз 2026
Еркін күрестен Армениядағы халықаралық турнирде Қазақстан алты медаль еншіледі
-
16:59, 28 тамыз 2026
Қазақстан оқушылары смартфонды қашан пайдалана алады





