Грузияда атақты кәсіпқой боксшы Серік Мұсаділовтың інісі өлі күйінде табылды
© Сурет: vk.com/kazproboxing
Грузияда атақты кәсіпқой боксшы Серік Мұсаділовтың бауыры Шыңғыс Мұсаділов өлі күйінде табылды. 27 жастағы марқұм спортшы да болашағынан үлкен үміт күтілетін жастардың бірі екені айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаралы хабарды Қазақстан елшілігі растады, деп хабарлайды Sports24.kz. Басылымның хабарлауынша, ер адам соңғы рет 4 тамызға қараған түні Тбилиси қаласының орталығындағы түнгі ойын-сауық мекемелерінің бірінің жанында болған. Осыдан кейін онымен байланыс үзілген. Ол үйінде де, жұмыста да төбе көрсетпеген. Содан кейін туыстары дабыл қағып, полицияға хабарласқан.
"Іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылды. Ақыры 27 жастағы Шыңғыс өлі табылды. Қазіргі уақытта бұл фактінің егжей-тегжейі мен себептері зерделенуде. Қазақстанның Грузиядағы елшілігі бұл ақпаратты растады", - деп жазады басылым.
Серік Мұсаділов бауыры Қазақстанның кәсіби боксындағы ең перспективалы ауыр салмақтағы спортшылардың бірі болғаны айтылады. "Панда" деген лақап атымен танымал ол 10-нан астам жекпе-жек өткізіп, оның басым көпшілігін нокаутпен аяқтаған.
Бұған дейін қазақстандық теннисші Болгариядағы турнирдің чемпионы атанғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 8 желтоқсан 2025
-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады
-
22:46, 8 желтоқсан 2025
СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды
-
21:29, 8 желтоқсан 2025
Семсерлесуші Руслан Курбанов Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді
-
21:19, 8 желтоқсан 2025
«Боран соғып, аяз болады». Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
-
20:47, 8 желтоқсан 2025
Оңтүстікте тойда өлең айтқан бұрынғы келініне қол көтерген ер адамға қатысты сот үкімі шықты





