Головкин Қазақстанда өтетін халықаралық шараға дайындалуда

10:13, 10 ақпан 2026

© Сурет: Instagram/gggboxing

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин Қазақстанда әлем чемпионаты өткізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзінің Instagram парақшасында халықаралық үстел теннисі федерациясының президенті Петра Сёрлингпен кездескені жайлы жазды. ҰОК басшысының айтуынша, олар үстел теннисін дамыту мәселелері мен 2027 жылы Қазақстанда өтетін әлем чемпионатына дайындық барысын жан-жақты талқылады.

Сурет: Instagram/gggboxing

Қазақстанда үстел теннисінен 2027 жылғы Әлем чемпионатын өткізу туралы шешім 2025 жылғы мамырда ITTF Бас Ассамблеясында қабылданған болатын. Ол кезде дауыс беруде Қазақстан 45,32% дауыс жинаған Францияны басып озып, 54,68% дауысқа ие болған еді.

Бұған дейін 2026 жылғы қысқа Олимпиадада 10 ақпан күні өнер көрсететін отандастарымыздың тізімін ұсынған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!