Қазақстан президенті білім саласындағы жүйелік мәселелерді көтерді

12:22, 10 ақпан 2026

© Фото: akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында білім саласында бірқатар жүйелік проблемалар бар екенін айтты.

Оның сөзінше, бұл мәселелер жекеменшік білім беру ұйымдарын қолдауға да, мемлекеттің мектептер мен жоғары оқу орындарын қаржыландыру тетіктеріне де қатысты.

"Білім саласындағы "экономизация", яғни қаржыны текке шашпай, жүйелі жұмсау үдерісін жалғастырған жөн. Бұл ретте балабақшадан бастап университеттерге дейінгі барлық деңгейде мемлекеттік қаржыландырудың тиімділігін түбегейлі арттыруға баса мән беру қажет". Мемлекет басшысы

Президент сонымен қатар мамандарды даярлау ісінің қазіргі жағдайына назар аударды.

"Маман даярлау ісі экономиканың нақты секторларында жасанды интеллекті мен жаңа технологияларды игеру қарқынына ілесе алмай отыр. Оқу бағдарламалары мен стандарттары жаңарып үлгергенше, мамандықтар өзгеріп кетіп жатыр. Демек жай ғана IT-мамандардың санын көбейту және жалпы цифрлық дағдыларды үйрету жеткіліксіз". Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні қолдана білетін мамандардың қажеттігін атап өтті.

"Елімізге жасанды интеллектіні кез келген салада қолдана білетін кәсіби мамандар қажет. Олар нақты жұмыс орындарындағы еңбек өнімділігін арттырады". Президент

Осыған орай Президент Үкіметке тапсырма берді.


"Үкіметке жетекші компаниялармен бірлесіп, мемлекет пен жеке серіктестік негізінде Ұлттық мамандықтар трансформациясы орталығын құруды тапсырамын. Ол орталықты мемлекеттік емес компаниялардың консорциумы басқарғаны дұрыс. Өйткені бизнес тезірек бейімделеді әрі нарық талаптарын жақсы біледі. Өз кезегінде, Үкімет ережелерді айқындап, ашықтық пен сұранысты қамтамасыз етуге, тиімді шешімдерді жаппай таратуға көмектесе алады". Мемлекет басшысы

Бұл бастама білім беру жүйесін жаңғыртып, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!