Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Қазақстанға ресми сапармен келеді

12:25, 7 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің нақтылауынша, Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольцтың Қазақстанға ресми сапары 2024 жылдың 16-17 қыркүйек күндеріне жоспарланған.

"Сапар аясында Астанада жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ "Орталық Азия + Германия" форматындағы екінші кездесу өтеді", делінген ресми хабарламада.

Айта кетсек, 7 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Федеративтік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Луис Инасиу Лула да Силваға құттықтау жеделхатын жолдады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!