БҚО-да сот төрт баланы анасынан алып, әкесіне берді
© Фото: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрт баланың тағдыры шешілді, деп хабарлайды Zakon.kz .
Mgorod.kz басылымының жазуынша, ата-анасы ажырасқаннан кейін үш бала біраз уақыт әкесімен, ал біреуі анасымен тұрған. 2025 жылы бұрынғы ерлі-зайыптылар медиациялық келісімге келіп, төрт баланың да анасымен тұруы туралы шешім қабылдаған.
Алайда отбасындағы тыныштық ұзаққа созылмаған. Әйел басқа ер адаммен бірге тұру үшін қалаға көшіп, ұл-қыздарының тәрбиесіне іс жүзінде көңіл бөлмей қойған.
Сот отырысында ананың балаларды қараусыз қалдырғаны анықталды. Осы әрекеті үшін ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке де тартылған.
Әйел балаларды жаңа серігінің үйіне қайта алып кетпек болғанда, олар бұған қарсылық білдірген.
Психологтың қатысуымен өткен әңгімеде кәмелетке толмаған балалар өгей әкесімен қарым-қатынастары жараспағандықтан, тек өз әкесімен тұрғысы келетіндерін айтқан. Сондай-ақ олар өгей әкесінің жиі қорқытатынын мәлімдеген.
Балаларға тиісті деңгейде күтім жасалмағанын учаскелік полиция инспекторлары да растаған.
Балалардың мүддесін қорғауды ескерген сот әкесінің талабын қанағаттандырып, төрт баланың да тұрғылықты жерін ресми түрде әкесімен бірге деп белгіледі.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:01, 13 қазан 2026
Қазақстанға қанша медицина маманы қажет
-
14:55, 13 қазан 2026
–5°С-тан +26°С-қа дейін: қазанның ортасында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
14:43, 13 қазан 2026
Жол апатын полиция шақырмай қалай рәсімдеуге болады
-
14:37, 13 қазан 2026
Тексерулер мен ірі айыппұлдар: Алматы кәсіпкерлеріне шұғыл ескерту жасалды
-
14:24, 13 қазан 2026
Астаналықтар көрмеген пәтерлері үшін 5,3 млрд теңге төлеген





