Ғалымжан Мұстафаев Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары болды
© Сурет: ҚР ТСМ баспасөз қызметі
Ғалымжан Әлиакбарұлы Мұстафаев ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚР Туризм және спорт министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Ғалымжан Әлиакбарұлы Мұстафаев ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды", делінген министрліктің 2025 жылғы 13 қаңтардағы хабарламасында.
Ғалымжан Мұстафаев 1978 жылы 7 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін (құқықтану), "Болашақ" университетін (экономика) тәмамдаған. Еңбек жолын 1995 жылы Қызылорда қалалық сотының сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы болып бастаған.
2022-2023 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Ойын бизнесін және лотерея қызметін үйлестіру басқармасының басшысы болған.
2023-2024 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік қызметтер басқармасына басшылық етсе, 2024 жылдан бастап осы кезеңге Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Бұған дейін Қызылорда облысының полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:38, 10 наурыз 2026
Тоқаев Әлназарованы қабылдады
-
17:35, 10 наурыз 2026
Қазақстандық жасөспірімдер шаңғымен тұғырдан секіруден әлем чемпионатында төрт рет үздік ондыққа енді
-
17:32, 10 наурыз 2026
Алматыда +18 градустан кейін қар жауып, аяз болады
-
17:32, 10 наурыз 2026
Алматыда +18°С-тен кейін қар жауып, аяз болады
-
17:10, 10 наурыз 2026
Air Astana наурыздың соңына дейін Дубайға рейстерді тоқтатады





