Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан бұзылып жатыр
© Сурет: Алматы әкімдігі
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, Сейфуллин даңғылы, 526 мекенжайында орналасқан заңсыз салынған құрылыс нысаны бұзылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, іс материалдары сотқа жолданған.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың қаулысымен меншік иесі кінәлі деп танылып, нысанды мәжбүрлі түрде бұзу туралы шешім шығарылған.
"2026 жылы 27 наурызда Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды", – делінген хабарламада.
Бүгін, 2026 жылғы 14 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 19 мамыр 2026
Кения Президенті Уильям Руто Қазақстанға келді
-
18:20, 19 мамыр 2026
Нөсер жаңбыр, бұршақ және үсік: 20 мамырда ауа райы қандай болады
-
17:40, 19 мамыр 2026
Медеуге 10 минутта жетуге болады: Қазақстандағы алғашқы аэротакси таныстырылды
-
17:40, 19 мамыр 2026
Медеуге 10 минутта жетуге болады: Қазақстандағы алғашқы аэротакси іс жүзінде көрсетілді
-
17:28, 19 мамыр 2026
Президент Қазақстан мен Халықаралық валюта қорымен ынтымақтастық туралы заңға қол қойды





