Президент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Президент 2026 жылғы 14 сәуірде "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаеваны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Қазақстан халқына" қоры қызметінің нәтижелері және іске асырып жатқан қайырымдылық бастамалары туралы мәлімет берілді.
Ләззат Шыңғысбаева:
➤ Қордың қамқоршылық кеңесі әлеуметтік маңызы зор міндеттерді шешуге бағытталған 134 қайырымдылық бағдарлама мен жобаны бекіткенін айтты.
➤ Қордың білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларында ауқымды шаралар атқарып жатқаны жөнінде баяндады.
Атап айтқанда, онкологиялық қызметке қолдау көрсетіліп, медициналық ұйымдар заманауи құрылғылармен, соның ішінде сәулелік терапияға арналған қондырғылармен жабдықталды. Сондай-ақ өңірлерде оңалту инфрақұрылымы жаңғыртылып, мамандандырылған көмек көрсету жолға қойылды.
Білім беру бастамаларына ерекше назар аударылып отыр. Гранттар тағайындалып, ауылдық және шағын жинақты мектептерді дамыту жобалары жүзеге асырылып жатыр. STEM-білім беру мен цифрлық шешімдер секілді заманауи оқу бағдарламалары енгізілуде.
Балалар мен жастардың қосымша және озық біліммен қамтылуына, жасанды интеллект саласын игеруіне баса мән берілген. Осы орайда аймақтарда білімнің қолжетімді болуына ден қойылған.
Бұдан бөлек, спорт инфрақұрылымын жетілдіру, инклюзивті спорт орталықтарын құру жобалары қолға алынған.
Мемлекет басшысы:
Қайырымдылық шараларын ашық, жүйелі әрі мақсатты түрде іске асырудың маңызына тоқталып, бұл бастамалар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға үлес қосып отырғанын жоғары бағалады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:12, 14 сәуір 2026
Оралда полицейлер тұрғыннан 274 келі балық тәркіледі
-
19:57, 14 сәуір 2026
Қызылорда облысында полицейлер өрттен екі баланы аман алып қалды
-
19:38, 14 сәуір 2026
Алматыда 300 мың шаршы метрден астам жол таңбасы сызылады
-
19:30, 14 сәуір 2026
15 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:17, 14 сәуір 2026
Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан екінші матчта жеңілді





