Алматыдағы колледж студентінен туберкулез анықталды: не белгілі
© Фото: Zakon.kz
Алматыдағы колледждердің бірінде студенттен туберкулез дерегі анықталды. Оқиғаға қатысты қалалық білім басқармасы Zakon.kz-ке толық мәлімет берді.
Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 19 наурызда 4-курс студенті денсаулығына шағымданып, емханаға жүгінген. Флюорографиядан өткеннен кейін оған өкпе туберкулезі диагнозы қойылған.
Диагноз расталған соң студент бірден оқу процесінен шеттетіліп, ем алу үшін ауруханаға жатқызылды.
Айта кетейік, студент ата-анасымен бірге тұрады және колледж жатақханасында тұрмайды.
"Аталған жағдай анықталғаннан кейін оқу орнында барлық қажетті эпидемияға қарсы шара жедел түрде қабылданды. Студент оқшауланып, онымен байланыста болған адамдар медициналық тексеруге жіберілді", – деп хабарлады Алматы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Жалпы, 1 738 студент, 150 оқытушы мен қызметкер флюорографиядан өтті. Науқас оқыған топта қосымша тексерулер мен қайта тексерістер жүргізілді.
Сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары оқу ғимараттарына дезинфекция жүргізді.
"Тексеру нәтижелері бойынша қаралған адамдардың ешқайсысынан ауру анықталған жоқ", – делінген 2026 жылғы 14 сәуірдегі басқарманың ресми хабарламасында.
Қазіргі уақытта колледж штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр, барлық студент медицина қызметкерлерінің бақылауында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:48, 14 сәуір 2026
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
-
21:20, 14 сәуір 2026
Гауһар Өмірзақова пара пауэрлифтингтен Азия-Океания чемпионатының күміс жүлде иеленді
-
21:10, 14 сәуір 2026
Қарағандыда зейнеткерлерді ақшасыз қалдырған күдікті қолға түсті
-
20:51, 14 сәуір 2026
Нысана көздеу: Қазақстан құрамасы Испаниядағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті
-
20:30, 14 сәуір 2026
Көркем гимнастикадан Бакуде өтетін Әлем кубогы кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды





