«Несиеңіздің мәртебесі жаңартылды»: Ұлттық банк азаматтарға үндеу жасады
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық Банкі 2026 жылғы 14 сәуірде телефон арқылы азаматтардың дербес деректерін қолға түсіруге тырысатын алаяқтар көбейгенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Деректерге сүйенсек, қаскөйлер "несиеңіздің мәртебесі жаңартылды" деген мәтіні бар хабарлама мен сілтеме жібереді.
"Бірақ онда қаржы ұйымының атауы көрсетілмейді. Мұндай тосын хабарламалар әдетте адамды абдыратуға бағытталады. Тіпті азамат несие алуға өтінім бермеген күннің өзінде, бұл жағдай оның асығыс әрекет жасауына итермелеп, ақпаратты байыппен қабылдау қабілетін төмендетуі мүмкін. Телефон иесі сілтемеге өткенде екінші деңгейлі банктің немесе микроқаржы ұйымының ресми сайты іспетті қолдан жасалған көрнекі сайтқа тап болады. Одан әрі пайдаланушыдан логин, телефон нөмірін, жеке басын куәландыратын құжат мәліметі мен банк картасының деректемелерін немесе басқа да құпия ақпаратты енгізуді сұрайды". ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметі
Кейбір жағдайларда сілтеме телефонға зиянды файлды немесе мобильді қосымшаны көшіріп жіберуі мүмкін екені де атап өтілді.
"Ол орнатылғаннан кейін қаскөйлерге мобильді құрылғыны басқаруға немесе дербес деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты Ұлттық Банк сілтемеге өтпеуге кеңес береді. Қажет болған жағдайда әр азамат өзінің несие тарихын – Мемлекеттік кредиттік бюро сайтында немесе электрондық үкімет порталы секілді ресми дереккөздерден тексере алады". ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметі
Бұдан басқа, Ұлттық Банк электрондық үкімет порталында "Стоп-кредит" қызметін пайдалануға болатынын еске салады, сол сервисті қосу арқылы азаматтар онлайн-кредит рәсімдеуді шектей алады.
"Ұлттық Банк қызметкерлері аудио және видеоқоңырау шалмайтынын, жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, түрлі инвестициялық пай қорларына және қаржы өнімдеріне ақшалай салым салуға шақырмайтынын, қаржы көзін сақтандырумен айналыспайтынын, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырысу операцияларын жүргізбейтінін қосымша хабарлаймыз. Алаяқтық әрекетке тап болған жағдайда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына тиісті арызбен жүгінуге кеңес береміз". ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметі
Бұған дейін Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру жоспарлануда екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:57, 14 сәуір 2026
Қызылорда облысында полицейлер өрттен екі баланы аман алып қалды
-
19:38, 14 сәуір 2026
Алматыда 300 мың шаршы метрден астам жол таңбасы сызылады
-
19:30, 14 сәуір 2026
15 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:17, 14 сәуір 2026
Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан екінші матчта жеңілді
-
19:04, 14 сәуір 2026
Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан бұзылып жатыр





