Шымкентте TikTok-та жала жапқан әйелге ірі көлемде айыппұл салынды
© Фото: pexels
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты жала жабу фактісі бойынша (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабының 2-бөлігі) жергілікті тұрғынға қатысты істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот мәліметінше, әйел өзінің TikTok-парақшасында видео жариялап, онда: "Жәбірленуші мені алдады, мұны басқа қолданушылар да білсін", – деп көпшілік алдында мәлімдеген. Алайда бұл сөздер азаматтың ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату ретінде бағаланған.
Сот отырысында әйел өз кінәсін толық мойындап, айтқан сөздерін растайтын ешқандай дәлелі жоқ екенін жеткізді. Ал жәбірленуші заңға сәйкес қатаң жаза қолдануды сұрады.
Соттың хабарлауынша, құқық бұзушының кінәсі тараптардың түсініктемелерімен, іс материалдарымен, фото және бейнежазбалармен, сондай-ақ Шымкент қалалық сот сараптамасы институты сарапшысының қорытындысымен дәлелденген.
Жаза тағайындау кезінде сот әйелдің кінәсін мойындауы, жасаған ісіне өкінуі және кәмелетке толмаған баласының болуы сияқты жеңілдететін мән-жайларды ескерді.
Нәтижесінде сот TikTok қолданушысын кінәлі деп танып, оған 778 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:46, 18 маусым 2026
АҚШ және Иран арасындағы келісім: Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады
-
20:37, 18 маусым 2026
Астанада грантқа түсіремін деп 111 азаматтан 70 млн теңге алған адам сотталды
-
20:10, 18 маусым 2026
41 градус ыстық: жұмада қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:51, 18 маусым 2026
Тоқаев телефон арқылы бірнеше өңір әкімінің баяндамасын тыңдады
-
19:35, 18 маусым 2026
Ақмола облысында 17 тонна саңырауқұлақ тиеген жүк көлігі аударылып қалды





