Футболдан Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді ойсырата ұтты
© Сурет: Instagram/kff_team
"Астана Аренада" футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі кезекті матч өтті. Қазақстан құрамасы Лихтенштейн командасымен өзара бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірінші таймда Қазақстан құрамасы 2: 0 есебімен суырылып алға шықты.
26-минутта Ғалымжан Кенжебек, ал 28-минутта Бақтияр Зайнутдинов гол соқты.
Талғат Байсуфинов бастаған команда Лихтенштейнге қарсы ойынға келесі құрамда шықты: Сейсен, Қайыров, Қасым, Әліп, Вороговский, Зайнутдинов, Қуат, Самородов, Оразов, Кенжебек, Чесноков.
Екінші тайм қазақстандықтардың шабуылынан басталды, Ғалымжан Кенжебек қарсыластар қақпасына тағы бір әдемі гол соқты, ойынды Қасымның добы тәмамдады. Есеп – 4:0.
Қазақстан-Лихтенштейн - 4: 0 (2: 0):
- Кенжебек 26 (1: 0),
- Зайнутдинов 28 (2: 0),
- Кенжебек 59 (3: 0),
- Қасым 81 (4:0).
Айта кетейік, Самородов Лихтенштейнмен болған ойында сары қағаз алып қалды, бұл қазіргі іріктеу кезеңінде оның алған екінші сары қағазы. Осылайша, Максим Скопьеде 13-14 қазанға қараған түні өтетін Солтүстік Македония құрамасымен болатын матчта ойнамайтын болды.
13 қазанда Қазақстан Солтүстік Македониямен кездеседі. Бұған дейін Қазақстан мен Лихтенштейн құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Вадуцтағы "Рейнпарк" стадионында кездескен. Кездесу 2:0 есебімен Қазақстан пайдасына шешілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 7 желтоқсан 2025
Құтқарушылар алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты үндеу жасады
-
17:35, 7 желтоқсан 2025
Ақмола облысындағы жолда полицей қаза болды
-
17:09, 7 желтоқсан 2025
8 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:46, 7 желтоқсан 2025
IBA аясындағы әлем чемпионаты: бүгін ел намысын үш боксшы қорғайды
-
16:32, 7 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген туралы кітап басылып шықты





