Астанадағы тағы бірнеше автобус қозғалыс кестесін уақытша өзгертеді

18:04, 3 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

4 шілдеде Тәуелсіздік даңғылы бойымен жүретін бірнеше автобустың қозғалыс кестесі уақытша өзгереді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қалалық әкімдік CTS-ке сілтеме жасап хабарлады.

"Астана қаласының құрметті қонақтары мен тұрғындары! 4 шілдеде №№ 3, 4, 4А, 14, 19, 21, 29, 29А, 32, 40, 43, 50, 58, 66, 84, 202, 203 бағдарлардың сызбасы уақытша өзгереді. Өзгерту Тәуелсіздік даңғылы бойында көлік қозғалысына шектеу шаралары жүргізілуіне байланысты", - делінген хабарламада.

Аталған бағыттардың өзгертілген сызбаларын @cts_kz-тің Instagram Taplink-тен қарауға болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!