Евгений Кафельников Рыбакина мен Соболенконың басты айырмашылығы атады
© Сурет: j48tennis
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, Олимпиада чемпионы Евгений Кафельников YouTube-тегі First&Red арнасындағы "Хардкорт" бағдарламасында теннистен алдыңғы қатардағы екі спортшының мінез ерекшеліктерін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sports.kz басылымының мәліметінше, ол Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакинаның сабырлылығына тоқталып, оның эмоцияға берілгіш Беларусь теннисшісі Арина Соболенкоға басты айырмашылығын атап өтті. Кафельниковтың пікірінше, Рыбакина өзінің мінез-құлық мәнерін өзгертудің және Соболенконың эмоцияға толы стиліне еліктеудің қажеті жоқ.
"Бұл – оның даралығы, оны ерекше ететін де осы. Меніңше, оның қазір жасап жүргені дұрыс: ол өз жұмысын өте сабырлы түрде атқарып, негізгі бағытын өзгертуі мүмкін кез келген артық нәрсеге алаңдамайды. Оның табиғаты сондай шығар, оған түрлі даңғаза мен сән-салтанат қажет емес. Егер ол осылай жалғастыра берсе, бұдан кейін де бірнеше Үлкен дулыға турнирінде жеңіске жетеді", – деді Кафельников.
Кафельниковтың пікірінше, екі теннисшінің арасындағы айырмашылық жалпы теннистің дамуына да оң әсер етеді.
"Бұл жақсы ма, жаман ба – білмеймін. Теннис үшін, бәлкім, бұл жақсы шығар. Өйткені Арина өзінің эмоциясымен көрермендерге ерекше әсер сыйлайды, бұл керемет. Ал Аринаның тура қарама-қайшысы – Елена Рыбакина. Меніңше, бұл да өте жақсы", – деді Кафельников.
2026 жылғы US Open турниріндегі жеңісінен кейін Рыбакина мансабында алғаш рет WTA рейтингінде көш бастады. Турнирдің финалында қазақстандық теннисші Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:48, 17 қыркүйек 2026
Джим Керридің жаңа видеодағы келбеті жанкүйерлерінің талқысына түсті
-
13:40, 17 қыркүйек 2026
Өскеменде 186 млн теңгелік алаяқтық айла-тәсіл әшкереленді
-
13:32, 17 қыркүйек 2026
«Барыс» сырт алаңда «Ладаны» ойсырата жеңді
-
13:23, 17 қыркүйек 2026
Алматы маңындағы заңсыз қоқыс полигонында ірі өрт шықты
-
13:12, 17 қыркүйек 2026
Роналду «Аль-Насрдан» қаңтар айында кетуі мүмкін





