Ақтөбе облысында жүк көлігі мен тепловоз соқтығысты
© Сурет: Zakon.kz
Жол апаты 16 қыркүйекте Қарабатақ – Қостанай облыстық маңызы бар тас жолындағы темір жол өткелінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісіне жеңіл дене жарақаттары келтірілген. Ол аудандық ауруханаға жеткізілді. Одан басқа зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.
Жол апатынан кейін жол учаскесіндегі көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
"Құзыретті қызметтер жолдың жүріс бөлігін босату бойынша жедел жұмыстар ұйымдастырды. Қазіргі уақытта тас жолдағы қозғалыс толығымен қалпына келтірілді, өткел штаттық режимде жұмыс істеп тұр, көліктер үшін ешқандай кедергі жоқ", деп жазады басылым.
Бұған дейін Астана-Петропавл тас жолында жол апаты болып, екі адам зардап шеккені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:37, 16 қыркүйек 2026
Атыраудағы ауаның ластануы: Экология министрлігі мәлімдеме жасады
-
19:55, 16 қыркүйек 2026
Грузияда рұқсатсыз жұмыс істеген жағдайда Қазақстан азаматтары елден қуылуы мүмкін
-
19:40, 16 қыркүйек 2026
БЖЗҚ-дағы ақшаны басқарушы компанияға шығарып алуға болады. Сарапшы кейбір кедергілер туралы айтты
-
19:17, 16 қыркүйек 2026
Абай облысында дала өртенді
-
19:09, 16 қыркүйек 2026
Ақтөбе облысында қарасора плантациясының иесі ұсталды





