Алматы маңындағы заңсыз қоқыс полигонында ірі өрт шықты

13:23, 17 қыркүйек 2026
MKZ: 1567373

© Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Қарасай ауданындағы Іргелі ауылдық округінде, Көксай ауылының маңындағы рұқсат етілмеген қоқыс полигонында өрт шықты. Өрт 400 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт оқшауланған.

"Оқиға орнына су үздіксіз себіліп жатыр. Арнайы техниканың көмегімен аумақты қалпына келтіру және өрт ошақтарын топырақпен көму жұмыстары жүргізілуде. Өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Абай облысында ірі табиғи өрт шыққаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!