Флоридада қазақстандық әйел ұсталды. СІМ оның себебін атады

18:22, 16 қыркүйек 2026
MKZ: 1567240

© Фото: zakon.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов брифинг барысында Флорида штатында қазақстандық әйелдің не себепті ұсталғанын айтып, оның көші-қон мәртебесі мен үш баласының жағдайына қатысты тың мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ өкілдері Флоридада ұсталған қазақстандық әйелдің және оның үш баласының тағдырына алаңдап, ресми өкілге сұрақ қойды.

ҚР СІМ ресми өкілі азаматтардың өздері жария еткісі келмейтін мәліметтерді жариялауға қақысы жоқ екенін айта келе, бұл ретте қысқаша ақпаратпен шектелетінін жеткізді.

"Иә, ол азаматтың АҚШ-та заңды көші-қон мәртебесі жоқ. Бұл ретте ол шет елде өте ұзақ уақыт, бірнеше жыл бойында жүрген. Қазір ол заңды құқықтарын қорғау үшін адвокат жалдады. Біздің консулдық қызметкерлер де оның отбасымен байланыс орнатты. Жағдай сәтті шешіледі деп үміттенеміз", – деді Үсенов.

Ол балаларға қарай алатын басқа отбасы мүшелері бар екенін айтты. Сондай-ақ ол СІМ-нің басты міндеті – ұсталған қазақстандыққа тікелей көмек көрсету екенін атап өтті.

Жақында әлеуметтік желіде АҚШ-тың көші-қон қызметі Флорида штатында Қазақстан азаматын ұстағаны туралы ақпарат жарияланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!