«Барыс» сырт алаңда «Ладаны» ойсырата жеңді

13:32, 17 қыркүйек 2026
MKZ: 1567372

© Сурет: hcbarys.kz

Тұрақты чемпионаттың басталуымен алғашқы сырт алаңдағы матчта "Барыс" Тольяттиде жергілікті командамен кездесті. Астаналық клубтың жаттықтырушылар штабы құрамға Әлихан Әсетов пен осы маусымда алғаш рет ҚХЛ-да ойнаған Батырлан Мұратовты қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қонақтар матчты жақсы бастап, кемінде үш қауіпті гол соғу мүмкіндігін жасады. Солардың бірінде Никита Подскребалин "2-ге 1" шабуылынан кейін өз командасын құтқарып қалды. Біраз уақыттан соң Тайс Томпсон қақпаның төбесінен ыңғайлы позициядан дәл көздей алмады. Алайда кезеңнің соңына қарай төртінші звеноның қарсы шабуылы Джейк Масси соққан голға ұласты.

Үзілістен кейін бірден Джастин Бэйли айдынға кіре берістен жасаған жойқын соққысымен "Барыстың" басымдығын еселей түсті. Ал екінші кезеңнің аяқталуына 46 секунд қалғанда Семён Симонов шабуылды дер кезінде қолдап, тольяттилік жанкүйерлерді тағы да қапалантты.

Үшінші кезеңде Иэн Маккошен, Джастин Бэйли және Тайс Томпсонның дәл соққылары астаналықтарға ойынды сенімді жеңіспен аяқтауға мүмкіндік берді.

Жеті соққыны қайтарған Хантер Шепард ҚХЛ-дағы алғашқы "шатаутын" тіркеді, яғни қақпасына бірде-бір шайба жібермеді.

"Лада" – "Барыс" 0:6 (0:1, 0:2, 0:3)

  • 0:1 – 18:12 – Масси (Өмірбеков, Мұратов)
  • 0:2 – 21:00 – Бэйли (Қайыржан)
  • 0:3 – 39:14 – Симонов (Ляпунов, Бекетаев)
  • 0:4 – 46:01 – Маккошен (Савицкий)
  • 0:5 – 53:04 – Бэйли
  • 0:6 – 55:14 – Томпсон (Приски) ГБ.

Қақпашылар: Подскребалин (Мишуров, 40:00–60:00) – Шепард.

18 қыркүйекте Михаил Кравец шәкірттері Магнитогорскіде "Металлургпен" кездеседі.

Бұған дейін "Барыстың" ҚХЛ маусымындағы алғашқы сырт алаңдағы турнирге аттанғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!