Әскери қызметшілерді үй салуға мәжбүрледі: бұрынғы ТЖ вице-министріне қатысты үкім шықты
© Сурет: primeminister.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров 7 тамызда өткен брифингте Ақмола гарнизонының әскери соты бұрынғы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевқа қатысты үкімді жариялағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спикердің айтуынша, Күлшімбаев қызметін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған. Ол ТЖМ ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына өзінің жеке үйін салуға әскери қызметкерлер мен арнайы техниканы тарту туралы заңсыз нұсқаулар берді.
"Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сот Мемлекет басшысының атына Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру туралы ұсыныс енгізуді ұйғарды", — деді ресми өкіл.
Данияр Бигайдаров үкім заңды күшіне енбегенін нақтылады.
2023 жылғы 22 тамызда Ибрагим Күлшімбаев бірінші вице-министр қызметінен босатылған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:33, 17 қыркүйек 2024
Үсік жүріп, жаңбыр жауады: Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
-
16:24, 17 қыркүйек 2024
Алматы қаласында электр энергиясы үшін бағалар тамыз айында неге қымбат шықты
-
16:18, 17 қыркүйек 2024
«Ертіс орманы» қорында 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін ағаш кесуге тыйым салынды
-
16:11, 17 қыркүйек 2024
Қазақстанда 2027 жылға қарай зейнетақылар мен жәрдемақылар қалай өзгереді
-
15:58, 17 қыркүйек 2024
Ақмола облысында заңсыз аң аулаған астаналық азамат ұсталды