Алматы әуежайындағы лаң: елордалық бойжеткенге қатысты қылмыстық іс қозғалды

18:58, 15 қаңтар 2025

© Сурет: Zakon.kz

Алматы қаласының әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Астана тұрғынын ұстады, ол Алматы – Астана рейсіне кешігіп келіп, тіркеу үстелінде қызмет көрсетуші супервайзерді ұрып, оның ұялы телефонын жерге лақтырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған фактіге сәйкес, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды". Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Flyarystan әуе компаниясының жерүсті қызметінің қызметкеріне Алматы – Астана бағытына қатынайтын FS 7057 рейсінің жолаушысы шабуыл жасағаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!