Есірткі өндірумен және сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

11:53, 21 қараша 2024

© Сурет: YouTube/mvdkontent

ҚР ІІМ бүгін, 2024 жылғы 21 қарашада синтетикалық есірткі өндірген және өткізген ұйымдасқан қылмыстық топтың таратылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірханның айтуынша, ірі қалалар аумағында синтетикалық есірткілерді дайындап, оны өткізуге қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды.

"Астана мен Алматыда жоспарлы іс-шаралардың нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесі ұсталды. Күдіктілер ұзақ уақыт бойы психотроптық заттарды сатумен, прекурсорлар мен зертханалық жабдықтарды жеткізумен, есірткі зертханаларын салу үшін объектілерді дайындаумен айналысқан",- деп мәлімдеді ресми өкіл.

Ұстау барысында үш есірткі зертханасы, екі интернет-есірткі дүкені жойылды, 1 тонна 750 литр химиялық компонент, оның ішінде өткізуге дайын 30 кг "мефедрон" және "альфа-pvp" есірткілері тәркіленді.

"Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда",- деді Данияр Мейірхан.

Бұған дейін Ақтөбеде бір айда 6 ұрлық жасаған күдікті ұсталғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!