Есіл өзеніне суға түсуге барып, батып кеткен бала табылмай жатыр

16:54, 15 маусым 2024

© Сурет: freepik

Петропавлда Есіл өзеніне суға түсуге барып, батып кеткен 10 жастағы бала табылмай жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 14 маусым күні сағат 15:00 шамасында Есіл өзенінің Зайсан шағын ауданы маңында суға батып кеткен. Бала достарымен шомылуға барған.

Іздестіру жұмыстары кешеден бері жүргізіліп жатыр.

"Барлық волонтерді, еріктілерді көмекке шақырамыз. Қайықтарыңызды ала келсеңіздер. Өздеріңізбен бірге резеңке етік, қол шам болғаны дұрыс, өйткені өзен жағасын шолып өту қажет", - деді Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтері Алена Писаренко.

Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, баланы іздеуге жеке құрамнан 13 адам – сүңгуірлер және 5 арнайы техника тартылған.

"Есіл өзенінде іздестіріп жатырмыз. Волонтерлер де, полиция да осы жерде. Әзірше нәтиже жоқ", - деп жауап берді ведомствоның баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!