Ертең Қазақстанның қай өңірлерінде +38°С-қа дейін ыстық болады

18:33, 8 шілде 2025

© Сурет: pi

Синоптиктер 2025 жылғы 9 шілде, сәрсенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, күндіз мына өңірлерде қатты ыстық күтіледі:

• Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу облыстары мен Ақтөбе облысының оңтүстігінде – +35°С дейін,

• Атырау облысында – +35…+37°С,

• Маңғыстау облысының оңтүстігінде – +38°С дейін.

Синоптиктердің болжамына сай:


"Атмосфералық фронттар елдің солтүстігі, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында тұрақсыз ауа райын қалыптастырып, найзағайлы жаңбыр жауады. Солтүстікте қатты жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз бұршақ жауу ықтималдығы бар. Ал қалған өңірлерде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел бойынша жел күшейіп, солтүстік пен оңтүстік-шығыста дауылды жел, ал түнде және таңертең солтүстік пен солтүстік-батыста тұман болады".

Сондай-ақ, синоптиктер өрт қаупі жоғары аймақтарды атады:

Жоғары өрт қауіпі:

• Маңғыстау, Атырау,

• Алматы облысының шығысы,

• Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығы,

• Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігі,

• Қарағанды облысының орталығы,

• Ұлытау облысының оңтүстігі, шығысы мен орталығы,

• Ақмола облысының батысы мен солтүстігі,

• Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы.

Төтенше өрт қауіпі:

• Жамбыл, Қызылорда, Түркістан,

• Жетісу облыстары,

• Алматы облысының солтүстігі, батысы, оңтүстігі мен орталығы,

• Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі және шығысы,

• Ақтөбе облысының орталығы,

• Маңғыстау облысының солтүстік-батысы,

• Қостанай облысының оңтүстік-батысы,

• Абай облысының оңтүстігі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!