Ерлі-зайыптылардың банк құпиясына қолжетімділігін шектеу Конституцияға қайшы-қайшы еместігі тексеріледі

17:31, 15 желтоқсан 2025

© Сурет: Zakon.kz

Конституциялық сот алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша "ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы" Заңның 50-бабы 4-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дауланып отырған нормаға сәйкес, банк құпиясы клиентке ғана, шот (мүлік) иесінің жазбаша нысанда берген келісімінің негізінде не шот иесінің сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға ашылуы мүмкін.

Өтініш беруші ажырасқаннан кейін ортақ мүлікті бөлу туралы талап-арызды дайындау кезінде неке кезеңінде бұрынғы жұбайының қаржылық жинақтары туралы ақпарат ала алмады. Оның пікірінше, қолданыстағы норма ерлі-зайыптылардың біреуін бірлескен жинақтар туралы ақпаратқа қол жеткізуден айырады және ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі үлеске құқықты іске асыруға кедергі келтіреді.

Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!